Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданының әкіміне тапсырмалар берді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Индер ауданының әкіміне ауданның онлайн есебінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жаңа тапсырмалар берді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау, NEGE. «Ауданда ауыл, егін шаруашылығын дамытуда суару-суландыру жүйелерінің қызметі маңызды. Сол себепті, аудандағы каналдардың жағдайын жіті бақылауда ұстап, жөндеу жұмыстарын уақытылы қолға алуды тапсырамын.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ауданда тұрғындарға жер беру, тұрғын үй салу және қолданысқа тапсыру қарқынын жоғарылатуды міндеттеймін.

Тағы бір өзекті мәселе – мамандар жетіспеушілігі. Медицина саласына 15, білім беру саласында 22 маман жетпейді. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау, білім беру басқармаларымен бірлесіп ауданға қажетті мамандарды жұмысқа шақыруды тапсырамын»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, өңір басшысы ауданда қылмыс санын азайту, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алуды қадап тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр