Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.