Магистратураға құжат қабылдау 12 желтоқсанда басталады

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асады. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» — 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» — 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» — 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтіп жатыр.

Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды