Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратураға білім грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.
Алматы, NEGE. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.
Грант тізімімен мына сілтемеде таныса аласыз.
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.