23 августа 2022 г. 17:21

Магистратура бойынша білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Фото:

2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Алматы, NEGE. Министрліктің, мемлекеттік органдардың, білім беру саласындағы кәсіподақтардың, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның Азаматтық альянсының және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік гранттар тағайындалды.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.

Магистратураға білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда үміткерлер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін 75-тен жоғары, бейіндік бағыт бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер қатысты. Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Тегтер: