Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланатынын хабарлады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, бүгін, 21 тамызда 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өткен. Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралған.

«Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады», – делінген ресми ақпаратта.

Биылғы жылы магистратура бойынша грант конкурсына 23 мыңға жуық өтініш қабылданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттары көбрек сұранысқа ие болған.

Болашақ магистранттарды қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.