Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады.
Астана, NEGE. Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 23 мыңға жуық адам өтініш берген. Конкурсқа ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына сілтемелер арқылы көруге болады:
- Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы;
- Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы;
- Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты;
- Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы;
- Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы.
Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.