Мадридте карантинге қарсы шеру өтті  

Мадридтың Вальекас ауданында наразылық шеруі өтті. Көшеге мыңдаған адам шығып, ауданның карантинге жабылуына қарсылық танытты.

  

Алматы, NEGE. Полиция мұнда бақылау бекеттерін орнатып, қаланың өзге аумағынан бөліп тастады. Тек жұмысқа баратындар ғана ары-бері қатынай алады. Коронавирус індеті негізінен Мадридтің ең кедей аудандарына тарап кеткен. Жалпы шаһардың 37 ауданы оқшауланды. Онда 800 мыңдай адам тұрады. Індет басталғалы Испанияда 700 мың адам вирус жұқтырып, 30 мыңнан астамы көз жұмған. Наурыз айының ортасында елде қатаң карантин енгізілген болатын. Ал маусымда шектеу шаралары жеңілдетілді. Алайда қазір індет қайта дендеді. Осыған байланысты Испанияның жеке аймақтары карантин тәртібін енгізуге мәжбүр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?