«MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын

Отандық «MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты қылмыстық іс аяқталу сатысында. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Бүгінде «MadMEN» музыкалық тобының директоры Р.И.Хванның жетекшілігімен 8 қатысушыдан тұратын қылмыстық топ құру арқылы синтетикалық есірткіні таратуға қатысты атышулы факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Биыл қаңтар-сәуір айларында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде айыптылардан 1,3 келіден астам «мефедрон» синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Ерлан Омарбеков.

Еске сала кетсек, биыл аталған музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды. Қылмыстық топты құрықтаған Алматы полициясы оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адамның барын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды