Мадина Сәдуақасова: Менің жол ашатын ерекше қасиетім бар

Мәдина Сәдуақасова бойындағы ерекше қабілетін көпшілікке баян етті. Қасында жүрген адамның қызметі өсіп бағы жанып, биіктерге өрлей береді екен.

Алматы, NEGE. “Неге осы Мадина Сәдуақасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты.

Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Дәулет қазір продюсер. Саида болса дизайнер болып, Әйгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты. Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативный директор болып басқа жұмысқа шақыртылды!

Енді, бүгін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!
Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен”, – деп жазды әнші.

Қазір оқып жатыр

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды

ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді