Мәдина Бақбергенова чемпион атанды

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен Мәдина Бақбергенова чемпион атанды.

Алматы, NEGE. Финалда ол 68 келіде қырғызстандық Мээрим Жуманазаровамен шеберлік байқасты. Қарсыласы 2021 жылы әлем чемпионы атанса, 2020 жылы әлем кубогының жеңімпазы болды. Сондай-ақ, ол 2020 жылы Жазғы олимпиадада қола алса, былтыр Азия чемпионы тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, әйелдер күресінде 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге қол созды. Ол жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ариунжаргал Ганбатты жеңді.

Еске салсақ, құрлықтық додада грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль алды.

Азия чемпионаты 24 сәуірде мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды