Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясына басшы болып тағайындалды

Алматыда өткен Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) есеп беру-сайлау конференциясында Мәди Тәкиев ұйымның 2024-2028 жылдар аралығында жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды.

gov.kz

Алматы, NEGE. ҚВФ-ның жаңа басшысы өз сөзінде делегаттарға сенімдері үшін шын жүректен алғыс айтып, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті ретінде ҚВФ Қамқоршылық кеңесін басқаруға шақырды.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «іскерлік әкімшілдендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдары және «Салық қызметінің үздігі».

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр