Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің не себепті ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Алматы, NEGE. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласы мүддесіне лоббиі мен жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлға құрылтайшысынан пара алу күдігіне ілінді», – деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, сот санкциясымен пара алушы мен пара берген күдікті қамауға алынды.

«Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», – деді Данияр Бекайдаров.

Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген сөз шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды