Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Алматыда 200 жас домбырашы күй тартты

Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді.

ғаламтордан

Алматы,  NEGE. Еліміздің мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған кеште Әуезов ауданының «Даму Бала» шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілерінен құралған 200 жас домбырашы күй тартты.

Олардың ішіндегі ең кішісі - 6 жаста.

Мерекелік концерт барысынла Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын», Ә. Желдібаеваның «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Әлқисса» және басқа да күйлері орындалды.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты