Мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті

Белгілі әдебиет сыншысы, режиссер, мәдениет қайраткері Ғалым Доскен 65 жасында өмірден өтті. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

видеодан скрин

Астана, NEGE. Ғалым Доскен 2002-2006 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы болған. Отандық журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру жолында аянбай еңбек еткен тұлға. 

Ғалым Төлембекұлы басшылық еткен жылдары эфирге шыққан «Күлтөбе», «Үзеңгі жолдас», «Ақжүніс», «Алтын сақа», «Шынның жүзі», «Мезгіл» сынды күллі көрермен көңілінен шыққан жобалар «Алтын қорымыздың» құнды мұрасы, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ғалым Доскен – «Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының авторы.

Соңғы жетекшілік еткен туындыларының бірі – 2024 жылы түсірілген «Соңғы үкім» фильмі болған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр