ІІМ сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат беруді ұсынды

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін.

freepik.com

Астана, NEGE. «Ашық НҚА» порталында Ішкі істер министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды.

Бұл құжат Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiп қағидаларына өзгеріс енгізуді көздейді. Өзгерістер тек қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қамтиды.

Ұсынылған өзгерістер:

  • сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфондарды пайдалануға рұқсат беру;
  • мінез-құлқының үшінші оң дәрежесі бар сотталғандар үшін «тыныш сағат» енгізу;
  • қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандардың кездесулер және қалаға шығу туралы өтініштерін терминалдар арқылы беру.

Құжаттың түсіндірмесінде сотталғандарға смартфон пайдалануға рұқсат беру жазасын өтеу шарттарын жақсарту мақсатында қолға алынып отырғаны айтылған. 

Құжат 11 наурызға дейін ашық талқылауға шығарылды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады