ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум алдында қазақстандықтарды жалған ақпарат таратып, қоғамды адастырмауға шақырды.

gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство өкілдері мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен арандату хабарламалары көп таратылатынын атап өтті. 

«Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.

Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған», – дейді ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Полицейлер тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады.

«Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады», – дейді Әлекешев.

Сондай-ақ ол Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз ететінін, жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып,  заң аясында қатаң жауапқа тартылатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция – елдік жаңарудың бастауы

Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады