ІІМ қазақстандық қылмыскерлердің қандай елдерде табылғанын айтты

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE.  2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілді.

Іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, ұсталды.

Қылмыскерлер көбінесе алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты