ІІМ ет өңдеумен айналысқан заңсыз цехтарды анықтап жатыр

Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 37%-ға азайды. Сондай-ақ 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың екі айында бұл қылмыс түрі 47,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Былтыр екі айда мал ұрлығының 217 фактісі тіркелсе, биыл — 152 факт. Қазіргі уақытта республика аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Семей қаласынан 17 шақырым жерде тиісті құжаттарсыз және ветеринариялық-санитариялық бақылаусыз етті қайта өңдеп, сатқан заңсыз цех анықталды. 350 бас ірі қара мал, ет өнімдері және етті бөлшектеуге арналған арнайы жабдықтар, 96 дана құлақ жапсырмалары тәркіленді.

Шымкентте осыған ұқсас тағы бір цех анықталды. 30-дан астам ірі қара мал және 40 жылқы тәркіленді.

Жетісу облысында жайылымнан бес сиырды ұрлап әкеткен ер адам ұсталды.

«Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», – деп атап өтті ведомствода.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты