3 февраля 2026 г. 11:09

ІІМ-де Күзет қызметін бақылау комитеті құрылды

Фото: gov.kz

Үкімет қаулысымен Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитеті құрылды.

Астана, NEGE. Бұған қоса «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі таратылды.

Күзет қызметін бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалды.

Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі құрылымына мынадай комитеттер кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Көші-қон қызметі комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті;
  • Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті.

Комитеттің мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган ретінде айқындалған мемлекеттік мекемелер тізбесіне Қазақстанның барлық өңіріндегі Мамандандырылған күзет қызметінің 19 басқармасы енгізілді, оның ішінде:

– Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасы;
– Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.