ІІМ басшысы Талғардағы жасөспірімнің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алды

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

gov.kz

Алматы, NEGE.  «Алматы облысының Талғар ауданында орын алған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты мән-жайлар менің жеке бақылауымда. Оқиға орнында бірінші орынбасарымның басшылығымен ІІМ қызметкерлерінен құралған топ жұмыс істеуде. Кінәлілер тиісті жазасын алады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ жастар арасында болған өзара келіспеушілік төбелеске ұласқаны хабарланған болатын. Төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға түсті, бірақ олардың бірі алған жарақаты салдарынан жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?