Лужковтың неден өлгені белгілі болды

Мюнхеннің «Гроссхадерн» клиникасының бас дәрігері Карлл-Вальтер Яух Мәскеудің экс-мэрі Юрий Лужковтың неден өлгенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ресейдің РЕН ТВ арнасының хабарлауынша, Лужков Мюнхен клиникасына жиі келіп, қаралып тұрған. Оның жүрегінде кінәрат болған. Бас дәрігер былай деді: «Лужковты шұғыл түрде клиникаға жеткізді. Оның жүрек қантамырларының бәрі бітеліп қалған. Катетер арқылы тамырларды аштық. Жағдайы жақсарғандай болған, алайда қантамырлардың бірі жарылып кетті. Қанды тоқтатуға қанша тырысқанымызбен, ол мүмкін болмады. Жүрек тоқтап қалды».

Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков 10 желтоқсан күні 84 жасында бақилық болды. Денесі Новодевичье зиратына жерленді.    

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды