Лувр мұражайындағы ұрлық: 88 миллион еуро залал келтірілді

Лувр мұражайынан ұрланған құнды жәдігерлердің жалпы шығыны 88 миллион еуроға бағаланды. Бұл туралы Париж прокуроры Лора Бекко мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Лувр кураторы залалды 88 миллион еуро деп бағалады. Егер қылмыскерлер бұл бұйымдарды қайта балқытып, сатса да мұндай ірі соманы иелене алмайды. Сонымен қатар бұл әрекет адамзаттың мәдени мұрасына үлкен зиян келтіреді», – деді прокурор RTL телеарнасына берген сұхбатында.

Қазір Париж прокуратурасы күдіктілерді анықтап, ұйымдасқан қылмыстық топтың ізін кесу бағытында тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева