Лукашенко шетелдегі отандастарының оралуына неге қарсы?

Александр Лукашенко пандемия кезінде елден кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге оралуына тыйым салды.

Алматы, NEGE. Алайда бұл шектеудің Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ, себебі, саясаткердің сөзінше, Беларусьтің «шекарасы жоқ», – деп хабарлайды DW.

Бұл туралы Лукашенко 5 қарашада өткен вирус инфекциясына қарсы шаралар туралы жиында айтты. 

Александр Лукашенконың айтуынша, ол шекара әскерінің қолбасшысына тек шетелдік емес, сондай-ақ «ел үшін қиын кезде» кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге кірмеуіне бұйрық берген. 

Сонымен қатар, Лукашенко бұл бұйрық Беларуське Батыстан келетіндерге ғана қатысты екенін, себебі елдің Ресеймен «шекара жоғын» айтқан. 

Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді. 

«Ол жаққа оқуға кетті ме – оқысын, жұмыс істесін. Біз оған қарсы болмадық қой. Сондықтан сол жерде жұмыс істеп, емделсін», – деді ол. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған