Лукашенко Ресейге өкпелі
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан мұнайын Беларуське тасымалдауға рұқсат етпей отырған Ресей басшылығына өкпелі. Бұл туралы Белта жазды.
Алматы, NEGE. «Бізге мұнайын жеткізуге Қазақстанның мүмкіндігі бар еді, егер Ресей келісім бергенде. Қызық, біздің одақтасымыз тағы бір одақтастың мұнайын әкелуге келісім бермей отыр. Қайтеміз, жағдай осылай. Біз мұны шешуіміз керек» депті Лукашенко.
Беларусь президенті қазір балама жол іздеп жүр. РИА Новости агенттігінің жазуынша, енді Минск Польша арқылы америкалықтардың немесе арабтардың мұнайын тасу жолын қарастыруы мүмкін.