Лукашенко Путиннің алдында «тізерлемейтінін» айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко мұнайды басқа елдерден оның бағасы ресейлік өнімнен қымбат болса да сатып ала беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Гомель облысына жасаған сапарында айтқан.

Алматы, NEGE. А.Лукашенконың айтуынша,  7-ақпанда Сочиде өткен келіссөздер барысында Ресей президенті Владимир Путиннің беларус елінің мұнайды басқа жақтан сатып алатынына күмән келтіріпті. Лукашенко «Егер ол бәрібір ресейлік мұнайдан қымбат болып шықса, олай істеудің мәнісі қандай», - деген Путиннің сөздерін де келтірген. Бұған жауап ретінде Беларусь президенті Минск мұнайды қымбат болса да, басқа елдерден сатып ала беретінін хабарлаған. «Біз жыл сайын 31-желтоқсанда олардың алдында (Ресейдің алдында - Ред.) тізерлегіміз келмейді», - деп түсіндіреді Лукашенко.  

Қазір оқып жатыр

Шахтинскіде газ жарылысы: күдікті ұсталып, іс қозғалды

Атырауда Наурыз мерекесі кезінде 78 бала жоғалып кетті

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген