Лукашенко мен Путин Мәскеуде кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин мен таяуда Беларусь президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенко Мәскеуде кездесетін болды.

Алматы, NEGE. Екі елдің басшылары алдағы апталардың бірінде кездесуге келіскен. 

"Алдағы апталардың бірінде Мәскеуде кездесу өткізу бойынша келісімге келді", - делінген хабарламада.

Кремль баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесу кезінде әріптестік құруға дайын екендерін жеткізген.  Бұған дейін Ресей мен Беларусь басшылары 24 тамызда сөйлескен болатын. Сол кезде Беларусь тұрғындары коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина сынағының үшінші кезеңіне қатысады деп келісіліген еді.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?