Лукашенко қайда жүр?

Беларусь президенті Александр Лукашенко шетелде екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Алматы, NEGE. «Біріншіден, мен әлі тірімін және шетелде емеспін, біздегі кейбір құрметті «саналылар» «президент елден кетіп қалды, шетелде жүр» дейді. Бүгін 14-ші тамыз және біз құрылыс саласының жұмысын талқылау үшін сіздермен кездесіп отырмыз», – деп атап өтті мемлекет басшысы құрылыс саласының жұмысы жөніндегі кеңесте.

Еске салайық, Беларусьте наразылық акциялары сайлау күнінен – 9 тамыздан бері жалғасып жатыр.

Тәртіпсіздіктер елдегі барлық дерлік қаланы қамтыды. Ереуілдерге байланысты көптеген ірі кәсіпорынның жұмысы тоқтады.

БАҚ өкілдері Яндекс және Uber компанияларының кеңсесіндегі тінту жұмыстары туралы хабарлады, сондай-ақ, полицицейлердің Яндекс.Такси көлігін қиратып жатқан кадрларды көрсетті.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған