Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті

Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде Александр Лукашенко ант берді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, халқыма адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, конституцияны сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді қасиетті және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін», - деді ол.

Биыл 26 қаңтарда Лукашенко президент болып сайланды. Оның кандидатурасы үшін 5 136 293 дауыс берілді. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 86,82 пайызы.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді