Ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желіде Любовь Панова мен Вячеслав Ининнің арандатушы пікір айтқаны қызу талқыланып жатыр.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов facebook әлеуметтік желісінде жазды.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174 бабында көзделген қылмыс белгілерімен, яғни ұлтаралық алауыздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймын.
Қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді өткізу Алматы қаласы полиция Департаментінің Тергеу басқармасына жүктелді.
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 28 наурызында іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады» - деп жазды ол.