LRT құрылысына қатысты сот үкімі 28 сәуірде жарияланады

Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT құрылысы ісі бойынша сот үкімі 28 сәуірде жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова

мәлімдеген.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Судья 28 сәуірде түстен кейін елордадағы LRT құрылысы кезінде ақша жымқыру ісі бойынша үкімді жариялайды. Алдын-ала уақыты сағат 15.00-ге деп жоспарланып отыр», - деді Ботагөз Баянова.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өкен мәжілісте LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырған болатын. Істі тергеу 2020 шаралары жылдың басында аяқталды. Тергеу кезінде 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексерілді.

Сондай-ақ, 3 адамға Интерпол желісі арқылы іздеу жарияланған. Іс сотқа 2020 жылдың 2 қазанында жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов осы іске қатысты күдікті деп атынлған Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені туралы ақпарат бар екенін мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды