LRT ісі бойынша іздеуде жүрген Сұлтанбеков Мәсімовті айыптады
Astana LRT жобасындағы қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп, АҚШ-қа қашып кеткен Қанат Сұлтанбеков Facebook желісінде Кәрім Мәсімов туралы жазба жариялады.
Алматы, NEGE. Қазір АҚШ-та жүрген экс-шенеунік Facebook-те парақша ашып, жақында ұсталған Кәрім Мәсімов туралы пост жариялады.
— Кейбірі қолына шексіз билік түскенде құдайдан асып кеттік деп ойлайды. Сен солардың бірісің. Сенің қолың қанда, орның тозақта! Сен заңсыз қудалап немесе алдаған адамдардың қайғы-қасіреті мен көз жасы жібермеді, — деп жазды Сұлтанбеков Кәрім Мәсімовке қарата.
Өзі Қазақстанда істі болып, АҚШ-қа қашып кеткен экс-шенеунік Ұлттық қауіпсіздің комитетінің бұрынғы тқрағасы Мәсімовтің түрмеде отырғанын тілейді.
— Сені ҰҚК тергеу қапасының жылы суы мен тоңазытқышы бар "VIP" камераға отырғызбайды деп үміттенемін. Қамауға алынған басқа адамдар сияқты екі аптада бір рет жалпы душқа түсіп, "тоңазытқышың" далада болады деп сенемін, — деп жазды әкімнің бұрынғы орынбасары.
— Енді сіз, Мәсімов, неліктен Astana LRT жобасын тергеуге қатты кедергі келтіргеніңіз және өзіңізге берілген барлық өкілеттіктермен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын ұрлады деп маған барлық айыптарды арта салғаныңыз белгілі болды. Сіз 2015 жылдың желтоқсанында осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай Даму банкінен несие алудың бастауында тұрдыңыз, – деп жазды ол.
Қазіргі уақытта Қанат Сұлтанбеков Нью-Йоркте қашып жүр. Қазақстан оны ұзақ уақытқа экстрадициялай алмайды.