LRT: Годунова «қыс» дейді, Көлгінов «қыспаймын» дейді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халық алдында есеп беріп, LRT-ға қатысты жауап берді. Әкімнің сөзіне қарағанда, «қыруар қаржы салынған жоба жалғасуы керек».

«LRT қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Оны жалғастыру мәселесі пандемия кезінде тоқтатылған, өйткені екінші деңгейлі банктер арқылы сыртқы займдар тарту керек болды. Қазақстанда ғана емес, халықаралық банктер арқылы да. Қазір бұл жұмыс қайта жалғасты. Банктер қаржы әкелуі керек, сонда бұл жұмысты жалғастырамыз.

Иә, құрылыстан қалған бұл бағаналар қалаға сән бермейді. Қыруар қаржы жұмсалды. Сол себепті бұл жұмысты жалғастырамыз. Қазір қаржы тарту үшін банктермен жұмыс істеп жатырмыз», – деді А.Көлгінов.

ЛРТ. Фото: tengrinews.kz

Өткен жылы наурыздың басында Есеп комитеті қорытынды шығарып, LRT-ның шығынды ақтамайтынын айтқан. Сондай-ақ Үкімет пен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне жобаны жалғастырудың жайын жақсылап ойлануды кеңес еткен.

Есеп комитетінің қорытындысында былай дейді: «LRT жобасының құрылысын одан әрі жалғастырған жағдайда бюджеттік қыруар шығындарды және пайдалану шығындарын ақтамайтынына назар аудару қажет».

Бұдан әрі қорытындыда жобаны жалғастыру республикалық бюджетке ауыр салмақ түсіретіні, шығынның орнын толтыру неғайбыл екені айтылады. Ол аз десеңіз, LRT-ны қала халқының жаппай пайдалануы да күмәнді.

Қысқасы, сіз бен біздің мойнымызға ауыр әрі жайсыз қамыт болған бұл жоба қай жағынан алсаңыз да тиімсіз деген сөз.

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдаған. Бұл кездесуде Президент Есеп комитетінің төрағасынан экономиканы қолдауға және коронавируспен күреске бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын сұрап, бірқатар тапсырмалар берген. Оның ішінде қаржылық аудитке мұқият болуы мен шығынды азайту да бар. Бұдан бөлек, Президент Қ.Тоқаев LRT жобасының «даулы әрі экономикалық тұрғыда түсініксіз» екенін айтқан.

Осындай түрлі себептер мен ескертулерге қарамастан, «даулы әрі экономикалық тұрғыда түсініксіз» жобаны жалғастыруға Көлгінов неге құлшынып отыр?

Қысып ұстауға болады ғой, ең болмағанда ел бюджетін...

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды