24 сентября 2024 г. 13:24

LRT эстакадасында асылып тұрған: Астанада ер адамның денесі табылды

Фото: видео-скрин

Әлеуметтік желілерде Астанадағы LRT құрылысына асылып қалған ер адамның видеосы тарады.

Алматы, NEGE. Оқиға №73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған.

Полиция қайғылы оқиғаны растады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«102 арнасына Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде ер адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр», - делінген хабарламада.