LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) іске қосылғаннан бері екі апта ішінде 1 миллион адамды тасымалдаған.

ТОО «City Transportation Systems

Астана, NEGE. Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-мен күн сайын шамамен 65–75 мың адам қатынайды. Бұл көрсеткіш жаңа көлік түрінің елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Әкім жолаушыларға жаңа көлік жүйесін белсенді пайдаланып, қалалық инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарап жүргені үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек LRT-ның Қосшы бағытына қарай екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Оның сөзінше, жобаның жүзеге асуы елорда мен оған іргелес аумақтардың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?