Лотерея төңірегінде дау шықты

Оңтүстік Африкада Ұлттық лотереядағы ерекше комбинация халық арасында дау тудырды, – деп хабарлайды Deutsche Welle.

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, бұл жолы "5, 6, 7, 8, 9, 10" комбинациялары бар қатысушылар жеңімпаз атанды. Осылайша, 20 адам 369 мың доллардан алса (шамамен 156 миллион теңге), тағы 79 адам шамамен 407 доллардан (172 мың теңге) алған.

«Бүгінгі PowerBall лотореясының 20 жеңімпазын құттықтаймыз», – делінген лотореяның Twitter желісіндегі парақшасында. 

Жеңімпаздар анықталған соң Twitter желісінің қолданушылары ойынның әділ емес өткенін жазған. Дегенмен ұлттық лотерея комиссияның өкілі лоторея комбинациясының кездейсоқ осылай болғанын айтқан.

20 адам қатысып, джекпотты бір-бірімен бөліп алмақ болған деп жазса, тағы біреулер бұл еш жағдайда кездейсоқ жағдай емес екенін айтып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті