Лос-Анджелесте жаппай жол апаты: 20-дан астам адам зардап шекті

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында болған ірі жол-көлік оқиғасынан 20-дан астам адам зардап шекті. Бұл туралы қаладағы өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлігімен адамдар көп жиналған аумаққа кіріп кеткен. Оқиға Санта-Моника бульварында болған.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, кем дегенде 4-5 адамның жағдайы ауыр, тағы 8-10 адамның жағдайы – орташа ауыр, ал қалған 10-15 адам жеңіл жарақат алған.

Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жол апатының нақты себебі әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты