Лондонда жүздеген адам шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

Ұлыбритания астанасында жүздеген адам көшеге шығып, шектеулерге наразылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Шараға қатысушылар карантинді екінші қайтара енгізбеуді талап етуде. Лондонның орталығындағы Трафальгар алаңына жиналғандар «COVID құр бос сандырақ» деп ұрандатты. Олар «індетке қарсы шаралар халықтың әл-ауқатын нашарлатты», - дейді.

Бейбіт басталған акция полициямен қақтығысқа ұласып, 30-дан астам адам қамалды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ.

Ұлыбританияда осы аптада 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Тәртіпті бұзғандарға 100 фунт стерлинг айыппұл бар. Ал вирус жұқтырып, оқшауланбаған азаматтар 1 мың фунт стерлинг төлейді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды