14 января 2021 г. 10:48

Лондонда жүрген Армен Саркисян ауруханаға түсіп қалды

Фото:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған Армения президенті Армен Саркисян екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. Коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, басында үйден емделген президент Армен Саркисян ауруханаға түсті. Президент Саркисянда коронавирусқа тән белгілер бар: жоғары температура және екі жақты пневмония, – дейді Армения президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі.

5 қаңтарда Армения басшысының кеңсесі сол кезде Лондонда болған Саркисянға коронавирус диагнозы қойылғанын, ол сол жақта қалып, өзін-өзі оқшаулағанын хабарлады. Оның әйелі де ауру жұқтырды.

8 қаңтарда президенттің көмекшісі Хасмик Петросян коронавирусты жұқтырғандықтан оқшауланған Саркисянда ауру ауыр өтіп жатқанын айтқан. Сондай-ақ ол денсаулық жағдайы тұрақталып, дәрігерлер рұқсат берген соң Президент өз міндеттерін орындау үшін Ереванға дереу оралатынын атап өтті.

Тегтер: