Лондонда шектеулерге қарсы шеру өтті

Лондонда індеттің таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Көпшілік алдымен қала көшелерімен жүріп өтті. Кейін Гайдпаркте жиналды. Көбі маска тақпаған. Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне қайтуға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан соң тәртіп сақшылары күш қолдана бастады. Ереуілшілер де қарап қалмады. Сөйтіп, шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. 33 адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті