Лондонда шектеу шараларына қарсы наразылық акциясы өтті

Лондонда нарзылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мыңдаған адам Трафальгар алаңына жиналып, биліктен коронавирусқа байланысты енгізілген карантинді алып тастауды талап етуде.

Алматы, NEGE. Көшеге шыққан халық шектеу шараларымен қатар елде вирусқа қарсы екпе жүргізбеуді де сұрап отыр. Бұл – Ұлыбританияда індет таралғалы биліктің дертпен күресіне қарсы ұйымдастырылған ірі шара. Шеруге қатысушылар карантин режимі адам құқығын бұзып, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіруде дейді. Айта кетейік, Ұлыбританияда «Ковид-19» таралғалы 332 мыңнан астам адам жұқтырған. 40 мыңнан астам науқас қайтыс болды.  

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады