Лондонда II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімі өтіп жатыр

II Елизавета 8 қыркүйекте қайтыс болды, ал оны жерлеу рәсімі бүгін Лондонда өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Бірнеше күн бойы патшайымның табыты Вестминстер сарайында болды, ол жерде халық патшайыммен қоштасты. Адамдар бірнеше күн кезекте тұрды, тіпті атақты адамдар да белгіленген уақытты күтті. Дэвид Бекхэм патшайымды жеке білетін және монархты соңғы рет көру үшін британдықтармен бірге 14 сағат кезекте тұруды құрмет деп санаған.

Айта кетейік, қоштасу рәсімі сағат 11.00-де (Астана уақытымен 16.00) басталды. Патшайымның табыты Балморал сарайынан Эдинбургке, Холируд сарайына (монархтың ресми резиденциясы) жеткізілді. Шотландияның бірнеше қалалары мен ауылдарын аралап өтті.

Рәсімде Король III Карл мен Патшайым Консорти Камилладан басқа, ханзада Уильям мен Гарри және олардың әйелдері мен балалары бар. Жерлеу рәсімі әлі жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті