Лондонда алғашқы коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Ауырған науқас әйел ауруханаға жатқызылған. Ұлыбритания аумағында коронавирус жұқтырған науқас саны осымен тоғызға жетті.

Алматы, NEGE. Ұлыбритания астанасында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас туралы BBC хабарлады. Бірнеше күн бұрын Қытайдан келген әйелдің бойында көп уақыт өтпей осы дертке тән белгілер пайда болған. Дәрігерлер оның жаңа індет жұқтырғанын растаған. Қазір ол Сент-Томас ауруханасындағы жұқпалы аурулар бөлімінде оқшаулағышта жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін