Локдаунға қарсы шеру өтті

Лондонда коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шектеулерге қарсы шеру өтті.

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметінше, наразылық акциясына шыққан жұрт алдымен қала көшелерімен жүріп өтіп, кейін Гайд-паркте жиналды. Көбі маска тақпаған.

Полиция шерушілер әлеуметтік арақашықтық сақтамағанын мәлімдеп, оларды үйлеріне тарауға шақырды. Бұл сөздерге ешкім құлақ аспағаннан кейін тәртіп сақшыларының күш қолдануына тура келді. Ереуілшілер де қарап қалмаған.

Сөйтіп шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты. Нәтижесінде 33 адам қамауға алынды.

Еске салайық, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 4,2 миллионнан асты. Оның ішінде, 3,6 миллион адам аурудан айықса, 126 122 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті