Локдаун қанша уақытқа созылады?

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Қазақстанда локдаун уақыты созылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE. «Жағдай нашарласа, мәселе Ведомствоаралық комиссияға шығарылады. ВАК мұндай шешім қабылдауы мүмкін. Бірақ әзірге мәселе қарастырылып отырған жоқ», – деп түсіндірді Е. Байтанаев.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі 8 наурызда және мереке күндері карантин шараларының бұзылуына байланысты елорда мен Алматыда вирус жұқтыру өскені байқалғанын атап өтті.

«Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес 18 наурыздан бастап бізде карантин режимі күшейтілді және 21 наурыздан бастап жексенбіде толық локдаун енгізіледі. Оның қанша уақытқа созылатыны бізге, біздің санитар дәрігерлердің талаптарын қаншалықты сақтайтынымызға байланысты», – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті