Локдаун: Алматыда 200 мыңға жуық адам жұмыссыз қалды

Бір аптаға енгізілген шектеу шаралары негізінен қоғамдық тамақтану нысандарына әсерін тигізеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бір аптаға енгізілген шектеу шараларынан негізінен қоғамдық тамақтану нысандарына әсерін тигізеді.Оларға тек жеткізіп беру қызметіне рұқсат етілген.

«Біздің есебімізше, бір апталық локдаун 200 мыңға жуық кәсіпкерлік нысанында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының азаюына әкеліп соғады. Оның 70 пайызы қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері. Ал сауда орталықтарындағы тауарларға шектеу шаралары аяқталған соң сұраныс қалыпты болады», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол бір апталық шектеу кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге көрсетілетін нақты қолдау шаралары жоқ екенін айтты.

«Дегенмен әкімдік пен рестораторлар қауымдастығы олардың жағдайын оңалту үшін бірқатар ұсынысты талқылауда. Оның ішінде былтырғыдай мейрамхана, кафе жанына арнайы рұқсат алмай-ақ жаздық ашық қоғамдық тамақтану орнын жасақтауға мүмкіндік беру», - дейді басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты