«Ливерпуль» финалға жолдама алды

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында «Вильярреалды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE.  Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Ағылшын клубы бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен ұтылып жатқан, бірақ екінші таймда Фабиньо, Луис Диас және Садио Маненің голдарының арқасында жеңіске жетті. Бірінші ойын 2:0 есебімен «Ливерпульдің» пайдасында аяқталды.

Юрген Клопп шәкірттері жалпы есепте «Вильярреалды» 5:2 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Екінші финалист «Реал» — «Манчестер Сити» жұбында анықталады. Екінші ойын 4 мамырда өтеді, бірінші ойын 4:3 есебімен ағылшындар ұтқан.

Еске салайық, финалдың өзі 28 мамырда Парижде өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды