Ливерпуль-2025: Қазақстан құрамасы әлемдік лидер!

Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 2 күміс, 1 қола. Осылайша біздің құрама көш бастады. Басты бәсекелесіміз өзбек құрамысында 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.

ҚазАқпарат

Тарихи алтынды команда капитаны Айбек Оралбай ( 90 кг) жеңіп алды Ол финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировты ұпай санымен ұтып, әлем чемпионы атанды.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды және команданы президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жеңіспен құттықтады.

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Естеріңізге салайық, төрт боксшымыз екі дүркін әлем чемпины атанды. Олар Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 кг дейін) және Аида Әбікенова (65 кг дейін). Ал 70 келіге дейінгі салмақта алтын алған Төрехан Сабырханның жасы бар-жоғы 19-да. Қыздар арасында 70 келіге дейін ешкімге дес бермеген Наталья Богданованың да жігерлі жеңісін ерекше атап өткен жөн. 

Фото: «Спорт министрі» телеграм каналы

Міне, осылайша Қазақстан құрамасы жалпы есеп бойынша көш бастап, тарихи жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды