Ливандағы ауруханалардың үштен бірі жабылды

Кейінгі бір айда Таяу Шығыстағы ахуал ушыққалы Ливанда 100-ден аса медициналық мекеме жабылды, деп хабарлады 24kz.

24.kz

Алматы, NEGE. Бұл қазір елде бар ауруханалардың үштен бірі қызметін тоқтатты деген сөз.

Ресми Бейрут Израиль әскері 50-ден аса емханаға шабуыл жасағанын да хабарлайды. Содан қазір дәрігерлердің жүктемесі артып, көмекке мұқтаж адамдардың барлығын қабылдап үлгермей жатыр.

 "Бүкіл ел бойынша 55 аурухана соққыланды. Қаншама медициналық қызметкер шабуылға ұшырады. Соның салдарынан 163 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланды. Израиль әскері кейбіреулерінің денесін алып кетуге әлі рұқсат бермей отыр. Атыс-шабыстан жүздеген жедел жәрдем көлігі де бүлінген,- деді Ливан денсаулық сақтау министрі Фирас Абиад. 


Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты