Ливанда коменданттық сағат жарияланды
Ливан үкіметі коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізді.
Алматы, NEGE. Бүгіннен бастап елде коменданттық сағат тәртібі күшіне енді. Кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін тұрғындарға үйінен шығуға болмайды. Сондай-ақ үкімет тойханаларды жауып, 6 адамнан артық жиналатын араларды өткізуге тыйым салды. Ал осыған дейін билік 69 қала мен елді мекенді оқшаулаған болатын. Бұл мекендерде төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, спорт жарыстары өтпейді. Сондай-ақ дәмханалар, мешіттер мен шіркеулер жабылды.